
2018 ж. 5 ақпан күні, 00 сағат 12 минутта, Алматы қаласындағы «Жедел Күзет» идарадан тыс қорғау компаниясының пультына **көшесінде орналасқан Зауттан «ДАБЫЛ» сигналы келіп түскен. Жедел әрекет ету тобы 00 сағат 18 минутта келіп жетіп (әрекет ету уақыты 6 минут) келесіні анықтаған: Зауыт күзетшісі нысанды аралап шығу кезінде бөгде тұлғаға тап болып, оны ұстамақшы болған. Аталмыш тұлға тойтарыс көрсеткендіктен күзетші дабыл батырмасын іске қосқан.
Ақырында, бұрында сотталған 1995 ж.т. Мырзағалиев С.С. (өзі айтуы бойынша) азаматы ұсталып Түрксіб АПБ жедел-тергеу тобына тапсырылған.