
2018 ж. 19 науырыз күні, 16 сағат 04 минутта, Алматы қаласындағы «Жедел Күзет» идарадан тыс қорғау компаниясының пультына *** Қарасай көшесінде орналасқан Банк бөлімшесінен «ДАБЫЛ» сигналы келіп түскен. Жедел әрекет ету тобы уақиға болған орнына 16 сағат 08 минутта келіп жетіп (әрекет ету уақыты 4 минут) дабыл батырманы Банк қызметкерлері іске қосқанын анықтап, банк болімшесінде мас күйінде жай берекет жүрген азаматты ұстаған. Тексеру барысында азаматта МР-654К пневматикалық газды тапанша және бүктемелі пышақ табылған. Аталмыш азамат Алмалы АІІБ жедел-тергеу тобына тапсырылған.