2017 жылдың 16 мамыр күні, 03 сағат 13 минутында Уалиханов көшесінде орналасқан «****** Сауда үйінен Петропавл қаласындағы «Жедел Күзет» идарадан тыс қорғау пультына «ДАБЫЛ» сигналы келіп түскен. Жедел әрекет ету тобы (әрекет ету уақыты 4 минут) 03 сағат 17 минуттта келіп жетіп, күзетілетін нысанға терезе ойығы арқылы кірмекші боланған 1998 жылы туылған Кахулин Г.И. азаматын ұстаған. Оқиға орын алған жерге аумақтық ІІБ жедел-тергеу тобы және дүкен өкілдері шақыртылған